Бүгін 04.06.2024 жылы №8 мектеп-гимназиясында «Айгөлек» мектеп сауықтыру алаңының салтанатты ашылуы өтті. Бірінші маусымның ашылуына орай Қазақстан Республикасының Рәміздер күніне арналған салтанатты жиын өтті.
Салтанатты жиынның алғашқы құттықтау сөзі тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.С. Макеноваға, сонымен қатар мектеп сауықтыру алаңының меңгерушісі Ж.С. Ахметжановаға берілді.
Балалар өз өнерлерімен мерекелік көңіл-күй сыйлады, бірге флешмоб биін билеп, ән айтып, тақпақ оқыды. Әр топ өз командасының атауын, ұранын, эмблемасын және әнін ойлап тапты.Сонымен мектеп алаңында мемлекеттік тілде оқытатын «Болашақ» жасақтары және орыс тілінде оқытатын «Арбузики» отрядтары пайда болды.
Жаз – оқу жылында жинақталған күйзелістен арылтып, денсаулықты қалпына келтіретін ойындар мен ойын-сауық уақыты. Осы жаз балалар үшін ең шуақты, ең көңілді және ұмытылмас болсын.