Текст
Қазақстан Республикасының 30 бəсекелі елдердің қатарына енуге ұмтылуы, Əлемдік Сауда Ұйымына енуі, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болуы отандық ауыл шаруашылығы үшін үлкен сын. Өйткені ауыл шаруашылығы Қазақстан экономикасының негізгі салаларының бірі жəне қоғамның экономикалық жəне қоғамдық-саяси тұрақтылығын анықтайтын факторы болып табылады. Сондықтан да аграрлық сектордың дамуы мемлекет үшiн экономикалық жəне ең бастысы əлеуметтiк негізде стратегиялық жағынан маңызды. 28 наурыз күні мектебімізде МКҚК «Қатаркөл ауыл шаруашылығы колледжі Бурабай ауданы» өкілі кәсіптік бағдар беру мақсатында 9-сынып оқушыларымен кездесті. Кездесу барысында оқушыларға колледждің артықшылықтары туралы мәлімет берілді.
Даканова И.М.