«Ақмола облысы білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімі Щучинск қаласының № 8 мектеп-гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Школа-гимназия № 8 города Щучинск отдела образования по Бурабайскому району управления образования Акмолинской области»

С.Я. Маршактың туғанына 135 жыл толуына арналған аудандық оқырмандар байқауы

15.11.2022

Біздің мектепте 2022 жылы 14 қарашада С.Я. Маршактың туған күніне 135 жыл толуына арналған мектепшілік өлең оқу байқауы өтті.

Байқаудың міндеттері: 

  • Балаларда көрке әдебиетке деген қызығушылықты тәрбиелеу;
  • Артистік шеберлік, мәнерлеп оқу дағдыларын қалыптастыру;
  • Балалар арасында үздік өлең оқушыларды анықтау, өз талантын көрсету үшін мүмкіндік беру.

Байқау екі кезеңмен өтеді. Бірінші кезең мектеп ішінде өтті, екінші кезең 17 қарашада аудандық білім  бөлімінде онлайн кестесінде өтеді. Байқауға 4-ші сынып оқушылары қатысты. Балалалар атақты ақынның өлеңдерін өздерінің шығармашылық қабілеттерін өте жақсы көрсете отырып, разат сезіммен оқыды. Олар автордың өзінің шығармаларында қойылған сезімдері мен көңіл-күйін шынайы жеткізуге тырысты.

Қазылар алқасы өте қиын жағдайда қалды, өйткені барлық балалар өте керемет орындады, сондықтан жеңімпазды анықтау қиынға соқты.

Барлық балалар алғыс хатпен марапатталды, ал 4 «Д» сынып оқушысы Сысоев Евгений жеңімпаз болды және 2-ші турға өтті.

Құттықтаймыз!

/public/files/2022/11/15/151122_160919_foto.pdf



Добавить комментарий



Включить данные в подпись
Жаңартылған күні: 15.11.2022 16:13
Құрылған күні: 15.11.2022 16:18

СоцСети

   

 

Ұйымдар тізімі
Текст