Текст
20 маусым күні №8 мектептің «Айгөлек» сауықтыру алаңында дәстүрлі түрде жаттығулармен басталды.
Одан кейін 4-филиалдың қалалық кітапханасынан қызметкер Бақыт Увалиулықызы келіп, «Балдырған» журналына шолу жасап, ертегілер бойынша викторина өткізді. Балалар қойылған сұрақтарға ынтамен жауап берді. Соңында жеңімпаздарды анықтап, марапаттады. Күн сайын асханада балаларды дәмді және пайдалы түскі ас күтеді. Түскі астан кейін тәрбиеші Омарова Ж.А. «Ертегі еліне саяхат» іс-шарасын өткізді. Балалар қызықты ертегілер мен ертегі кейіпкерлерін еске алды. Сүйікті ертегілерді сахналап, көрсетті. Балалар жақсы көңіл-күймен үйлеріне қайтты.
Лагерь жетекшісі Мишина Г.В.