Текст
Бүгін сағат 13:00-де Щучинск қаласындағы Жоғары педагогикалық колледж базасында 9-сынып оқушыларымен кәсіби бағдар беру кездесуі өтті. Іс-шараға біздің №8 мектеп-гимназиясының 9-сынып оқушылары да тыңдаушы ретінде қатысты. Іс-шара барысында Ақана сері атындағы жоғары мәдениет колледжінің өкілдері оқу бағыттары, қабылдау шарттары және студенттік өмір туралы жан-жақты ақпарат берді. Кездесудің мақсаты — оқушыларға болашақ мамандық пен оқу орнын таңдауда бағыт-бағдар беру.
Мауина Д.С.