Бүгін, 5 қараша күні, №8 мектеп-гимназиясында 11-сынып оқушыларымен аудандық ішкі істер бөлімі өкілдерінің қатысуымен кәсіптік бағдар беру кездесуі өтті. Қонақтар Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің келесі оқу орындарына түсу және іріктеу тәртібі туралы ақпарат берді:
ҚР ІІМ Алматы академиясы,
ҚР ІІМ Қарағанды академиясы,
ҚР ІІМ Қостанай академиясы,
ҚР ІІМ Ақтөбе заң институты.
ІІБ өкілдері қабылдау шарттарын, оқу ерекшеліктерін және болашақ қызметтің мүмкіндіктерін жан-жақты түсіндіріп өтті. Оқу үдерісі жоғары білім беру бағдарламалары бойынша, мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес, күндізгі оқу түрінде жүзеге асырылады.
Кездесу түлектердің үлкен қызығушылығын тудырды, көптеген оқушылар өз болашақтарын ішкі істер органдарындағы қызметпен байланыстыруға ниет білдірді.

Макишева Д.С.