Текст
Бүгін мектеп жанындағы алаңда өте мазмұнды әрі қызықты күн өтті. Таңертең балалар сергіту жаттығуын жасап, кейін ұлттық ойындар ойнады. Одан соң Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздеріне арналған мерекелік іс-шара өткізілді. Сондай-ақ қатысушылар өздерінің шығармашылық қабілеттерін көрсеткен «Үздік тиктокер» байқауы ұйымдастырылды. Күннің соңында барлығы бірге қызықты мультфильм тамашалады.
Фахрутдинова А.Г.