Текст
Бүгінгі күн ерекше қызықты өтті. Балалар қалалық саябаққа экскурсияға барып, көптеген жаңа мәліметтер алып, уақыттарын көңілді өткізді. Сондай-ақ олар қалалық Мәдениет үйіне барып, қызықты мультфильм тамашалады. Мультфильм балаларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, жақсы әсер қалдырды.
Лагерьде қалған балалар көңілді старттарға қатысып, өздерінің ептіліктері мен жылдамдықтарын, сондай-ақ топпен жұмыс істей білу қабілеттерін көрсетті. Сонымен қатар, «Үздік ізкесуші» байқауы өткізілді. Байқау барысында қатысушылар өздерінің байқампаздықтарын, тапқырлықтарын және зеректік қасиеттерін танытты.

Фахрутдинова А.Г.