2025 жылғы 2-14 сәуір аралығында Дүниежүзілік аутизм туралы ақпарат тарату күнін атап өту, АСБ бұзылысы бар адамдарға көмектесу және олардың өмір сүру деңгейін көтеру қажеттілігін айту мақсатында білім бөлімімен бекітілген жоспар негізінде аутизм туралы Халықаралық ақпараттандыру күніне арналған апталық ұйымдастырылды. Мектептің әлеуметтік желісіне "Дүниежүзілік аутизм туралы ақпараттандыру" күніне орай 2 сәуір күні Аутизм жайлы ақпарат жарияланды. 2-5 сәуірде Аутизмі бар балаларды оқыту мен тәрбиелеу мәселелері бойынша мектебіміздегі Инклюзияны қолдау кабинетімен (РК ПИО) бірлесіп, ұстаздарға, ата-аналарға ақпараттық жадынамалар таратылды. https://www.instagram.com/reel/DH71fU0MWCv/?igsh=MXd4eWc4OHJ3bHBjcg==
Ата-аналармен "Жүректі мейірімділікпен жылытайық" кездесуі өткізілді. Аутизм мәселелері бойынша білім алушылармен сынып сағаттары өткізілді.
Мектебіміздің ұстаздары Zoom платформасы арқылы "Инклюзивті білім беру: мектеп пен үй жағдайында аутизмі бар балалардың әлеуетін қалай қолдау және дамыту керек" тақырбында өткен аудандық онлайн шеберлік сағатына қатысты. Инклюзияны қолдау кабинетінің ұйымдастыруымен «аутизмтуралы стереотиптерді жояйық" тақырыбында ақпараттандыру жұмыстары жүргізілген болатын. https://www.instagram.com/reel/DIIr1t0Mfj-/?igsh=cXdwbWc2d291bGcx
12 сәуір күні - "Балалар аутизмі" - тақырыбында тақырыптық бейнероликтер көрсетілді. видеоролик.mp4
Балалармен жүргізілетін мұндай іс-әрекеттер балалардың мейірімділігін, басқаларға деген сүйіспеншілігі мен көңіл бөлуін, көмектесуге деген құштарлығын қалыптастырады.
Біз бірге аутизммен ауыратын балалардың өмірін жақсарта аламыз!