Текст
19 маусымда №8 "Айгөлек" мектеп жанындағы лагерь балалары "BURABAY GOLF" саябағында болды. Саябаққа барар алдында балаларға «Жолда және табиғатта өзін-өзі ұстау ережелері» түсіндірілді. Дәстүрлі жаттығулар таза ауада қарағайлар арасында өтті - бұл иммундық жүйені нығайтады. Тәлімгер Бекмагамбетова А.Е. балалармен "Туған табиғатты біл және сүй" атты викторина өткізді. Мектепке келгеннен кейін балаларға дәмді түскі ас берілді, одан кейін тәлімгерлер Бекенова Р.С. және Омарова Ж.А мектеп ауласында ойын алаңын ұйымдастырды. Балалар жақсы көңіл-күймен үйлеріне қайтты.
Лагерь жетекшісі
Мишина Г.В.