Текст
Бүгін «Айгөлек» мектеп жанындағы сауықтыру алаңы әдеттегідей балаларды қарсы алып, күнді таңғы жаттығудан бастады. Таңғы жаттығудан соң тәрбиешілер « Денім сау болсын десең» тақырыбына денсаулық сағатын өткізді. Мектебімізге «Балалар өнер мектебінен» бейнелеу өнері үйірмесінің жетекшісі – Цыгвинцева Елена Валерьевна қонаққа келді. Ол кісі «Көбелектер мен инеліктер» тақырыбына шеберлік сағатын өткізді. Балалар тапсырманы қызыға орындады. Содан соң бүлдіршіндер түскі ас ішті. Одан кейін таза ауада қозғалмалы ойындар ойнап, бойларын шынықтырды. Балалар үшін өте қызықты әрі көңілді күн болды.
«Айгөлек» мектеп жанындағы сауықтыру алаңының тәрбиешілері:
Рахимжановна Ж.Т.
Ергосаева А.Н.
Жидкова Н.А.
Сайлаубекова Б.Р.