Бүгін 4 маусым күні №8 мектеп-гимназиясында «Айгөлек» мектеп сауықтыру алаңыңда «Алтын балалық шақ» атты онкүндікке арналған бірқатар іс-шаралар өтті.
Онкүндіктің екінші күні Р.Е.Дискаева «Алақан күні» атты шеберлік сабағын өткізді, онда балалар алақандарын ашық түстермен бояды, содан кейін мектеп-сауықтыру алаңыныңдағы достарына тілектерін жазды.Жылы лебіздерін білдіріп, балалар бір-біріне салған суреттерін сыйлады. Шеберлік сабағы аяқталған соң балалар бірге «Клэп-снэп» флешмобын биледі.
Қазақстан Республикасының Рәміздер күніне арналған мереке қарсаңында «Айгөлек» мектеп сауықтыру алаңының ұстаздары Н.М. Жилкибаева, А.Н.Ергосаева «Жұлдыз» тобының балалары арасында «Рәміздерім – мақтанышым» атты сайыс өткізді. Балалар екі командаға бөлініп, Қазақстан Республикасы рәміздерінің – туын, Елтаңбасын салып, олардан сөзжұмбақ құрастырды.