Текст
Бүгін «Алтын балалық шақ» онкүндігі аясында жоспарға сәйкес «Табиғатты аялайық!» тақырыбында сайыс өтті. Балалар топқа бөлініп, түрлі-түсті қағаздан ағаштың макетін жасап, табиғат аясында түрлі ойындар ойнады. Одан кейін «Табиғатты аялайық!» тақырыбында шағын мультфильм көрсетілді. Табиғатты аялау – біздің парызымыз. Табиғат бізді өмір сүруге қажеттінің барлығымен қамтамасыз ететінін есте ұстауымыз керек, сондықтан біз өз отбасымызға және достарымызға қалай қамқорлық жасасақ, оны да солай күтуіміз керек. Біз табиғатты қорғауымыз керек.
Тәрбиешілер:
Рахимжанова Ж.Т.
Жилкибаева Н.М.