«Ақмола облысы білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімі Щучинск қаласының № 8 мектеп-гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Школа-гимназия № 8 города Щучинск отдела образования по Бурабайскому району управления образования Акмолинской области»

Сынып сағаты "Мамандықтар әлемі"

01.03.2024

2024 жылдың 26 ақпан күні 4 "Д" сыныпта сынып жетекшісі Хорченко К.А. және кәсібі бағдар беру мамаңы мен бірлесіп "Мамандықтар әлемі" тақырыбында сынып сағатын өткізді.

 Сабақтың мақсаты: оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыта отырып, болашақ мамандыққа байланысты ұғымдарын тереңдетіп,қызығушылықтарын арттыру. Жұмыстың мазмұнымен, мағынасымен айрықшаланатын мамандық әлемі түрлі туралы түсінікті қалыптастыру.

 Оқушылардың бойына жақсы қаксиеттерді сіңіру, мамандық  таңдап білуге, еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу.

 Мамандық  бір қарағанда жәй нәрсе болып көрінуі мүмкін, бірақ ол бүкіл саналы ғұмырымыздың айнасы. Жүрек қалауыңмен таңдалған мамандық бойынша жұмыс істеу – өмір сүрудің материалдық қана емес, моральдық та көзі. Ол белгілі бір дайындық пен жауапкершілікті талап етсе де, өзің қалаған мамандық болған соң, оған аса үлкен шығармашылықпен бар ғұмырыңды арнайсың.  Бас кезінде дұрыс  таңдау жасалған болса, онда адам Кен Робинсон айтып жүрген «өз элементіне» ие бола алады. Кез келген мамандықтың өзіндік ерекшеліктері мен талаптары болады. Таңдау жасау барысында мамандыққа сұраныс пен оның беделі, мансап перспективалары, еңбек жағдайлары, орташа жалақы сияқты аспектілерді ескеру қажет. Өзін-өзі көрсетуге, әлеуетін ашуға жағдайдың жасалуы да маңызды. Әрине, мамандық таңдауда адам өзінің интеллектуалдық қабілетін, белгілі бір жоғары оқу орнына, бағдарламасына түсу мүмкіндігін де ескеруі керек. Сынып жетекшісі және кәсібі беру мамандық бойынша мәлімет беріп оқушылармен  қандай мамандықтарды ұнататындарын сұрақ  жәна жауап түрінде ойындар өткізіп, оқушылар сурет салды.

                                                                                      Зейдикенова Л.Т.



Добавить комментарий



Включить данные в подпись
Жаңартылған күні: 01.03.2024 12:41
Құрылған күні: 01.03.2024 12:49

СоцСети

   

 

Ұйымдар тізімі
Текст