2020 жылғы 13 сәуірден бастап 30 маусым аралығында Қазақ ұлттық хореография академиясында балаларды фото бойынша қашықтықтан алдын ала қарау шарасы өткізіледі.
Бұл кезеңде баланың дене құрылымының өзара сәйкестігі (пропорция) мен оның дене бітімі фотосуреттер бойынша алдын ала бағаланады.
Фото бойынша қашықтықтан алдын ала қараудың шарттары келесі сілтемеде көрсетілген: https://balletacademy.kz/ru/fotoprosmotr/. Баланың мәліметтерімен (аты-жөні, жасы, бойы, салмағы, орта мектептегі сыныбы, қаласы, байланыс телефоны) қоса фотосуреттерді сайт парақшасында көрсетілген электрондық пошта немесе мына телефон (Whatsapp) арқылы жіберілуі керек: +7 775 631 85 39.
Фото бойынша алдын ала тексеруден (қараудан) өткен балалар 4 класқа (ҚР басқа өңірлерінде тұратын балалар үшін) оқуға түсу емтихандарын тапсыру үшін Қазақ ұлттық хореография академиясына (Нұр-Сұлтан қ.) шақырылатын болады.
Байланыс телефон: 8 (7172) 79-85-42.