«Ақмола облысы білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімі Щучинск қаласының № 8 мектеп-гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Школа-гимназия № 8 города Щучинск отдела образования по Бурабайскому району управления образования Акмолинской области»

Рухани-адамгершілік және азаматтық-патриоттық тәрбие беру контекстінде мектеп жағдайында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бағдарламасын іске асыру туралы 2023-2024 оқу жылына арналған ақпарат

16.11.2023

Рухани-адамгершілік және азаматтық-патриоттық тәрбие беру контекстінде мектеп жағдайында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудың бұл бағдарламасы тәрбиенің тұжырымдамалық негіздеріне сәйкес әзірленген және тәрбие жұмысын жүргізу тәртібін айқындайды, оның құрамына бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында оқитын балаларға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы сипаттағы тәрбиелік іс-шаралар жатады.

Мақсаты мен міндеттері: Бұл бағдарламаның мақсаты – мектепте адамгершілігі жоғары, жауапкершілігі жоғары, белсенді және әлеуметтік құзыретті азамат пен патриотты қалыптастыру және дамыту үшін жағдай жасау. Осы мақсатты жүзеге асыру үшін келесі міндеттер қойылады:

1) рухани-адамгершілік және азаматтық-патриоттық тәрбиеге бағытталған іс-шараларды жүзеге асыру;

2) оқушылардың мемлекеттік мекемелерге сенімін нығайту;

3) оқушылар  арасында саяси-құқықтық білімді қалыптастыру;

4) оқушылар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлықтың моральдық-этикалық құндылық негіздерін қалыптастыру.

Жоспарға сәйкес мектепте мектеп жағдайында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға, яғни сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті көрсететін құндылықтар жүйесін сақтауға және нығайтуға, оның ішінде мектеп оқушыларының бойында заң талаптарын орындауға және олардың білім және мәдени деңгейін көтеруге ұмтылу. «Адал ұрпақ» ерікті клубы құрылған және жұмыс істейді, клубтың президенті 9-сынып оқушысы Шмальц Ангелина, орынбасары Нурканова Карина 9 г. Әр сыныптан  құрылған 9 оқушыдан тұратын бұлар: Исин Бақытгүл 9 б, Елизавета Трухина 8 б, Гуге Милана 9 б, Тимко София 9 в, Малдыбаева Зере 9 в, Нүсіпханова Маржан 8 б, Варавин Арсений 9 д, Карбаева Арайлым 8 ә, Өмірұзақ Кәусар 9 а. Балалар әзірленген жоспар бойынша жұмыс істейді: қыркүйек айында сынып сағаттары, «Қоғамдық тәртіп негіздері» пікірталас практикумы, 1-4 сынып оқушылары арасында «Адал және мызғымас еңбек бейнесі» сурет байқауы, 9-11 сыныптарда «Сыбайлас жемқорлыққа ЖОҚ айтамыз!” үгіт-насихат топтары байқауы өтті.

Макенова А.С.

 



Добавить комментарий



Включить данные в подпись
Жаңартылған күні: 16.11.2023 10:19
Құрылған күні: 16.11.2023 10:21

СоцСети

   

 

Ұйымдар тізімі
Текст