21 маусым күні балалар №8 мектеп-гимназиясының «Айгөлек» мектеп жанындағы сауықтыру алаңында дене жаттығуларын жасады, сонымен қатар әр түрлі қызықты ойындар ойнап, көңіл-күйлерін көтерді. Әрі қарай мектеп психологі Төлеухан Ш.Т. балалармен «Көңілді жұма» тренингін өткізді, балалар қызықты жұмбақтарды шешіп, жағдаяттар шешіп, әр түрлі тапсырмалар орындады. Музыкалық жетекші Ергосаев К.Ж. балалармен «Ән айт және биле» атты музыкалық ойын-сайысын өткізді. Балалар керемет көңіл-күймен сайысқа қатысып, әр түрлі мультфильмдердің кейіпкерлерін тауып ойын ойнады. Түскі астан кейін балалар тәлімгерлер: Бекенова Р.С.,Басымова М.Е., Кульмаганбетова А.К. бірге мектеп ауласында «Жайдарлы жаз» тақырыбында түрлі-түсті бормен сурет салды.
Лагерь жетекшісі Мишина Г.В.