«Ақмола облысы білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімі Щучинск қаласының № 8 мектеп-гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Школа-гимназия № 8 города Щучинск отдела образования по Бурабайскому району управления образования Акмолинской области»

Жоғары техникалық колледжде қызмет көрсету саласына арналған ашық есік күні өтті

16.05.2025

16 мамыр күні Жоғары техникалық колледжде Кәсіптік бағдар беру онкүндігі мен Жұмысшы мамандықтар жылы аясында 9-сынып оқушыларына арналған ашық есік күні өтті. Бұл күн қызмет көрсету саласындағы мамандықтарға арналды. Колледж өкілдері оқушыларға аталған сала бойынша мамандықтар туралы толық ақпарат беріп, қызықты да пайдалы шеберлік сағаттарын ұйымдастырды.

№8 мектеп-гимназиясының 9-сынып оқушылары келесі шеберлік сабақтарына белсене қатысты:

- «Интерьер дизайны» мамандығы бойынша экскурсия және студенттердің жұмыстарынан жасалған көрме;

- Имбирь печеньесін безендіру бойынша шеберлік сағаты;

- Салфеткаларды көркем бүктеу бойынша шеберлік сағаты;

- Канапе дайындау бойынша шеберлік сағаты.

Іс-шара оқушыларға сұранысқа ие мамандықтармен жақынырақ танысып, болашақта таңдайтын кәсібі туралы ойланып көруге мүмкіндік берді.

Мауина Д.С.



Добавить комментарий



Включить данные в подпись

СоцСети

   

 

Ұйымдар тізімі
Текст