Текст
№ 8 мектеп-гимназия базасында "Айгөлек"мектеп жанындағы қашықтық лагері жұмыс істейді. Бүгін біздің "Экология күні"лагерінің бесінші күні өтті. Бесінші күніміз сергіту сәтінен басталды. Шығармашылық шеберханасында бүгін біз балалармен экология тақырыбына сурет салып үйрендік. «Биле, биле» билеу қозғалыстарын пайдаланып, би биледік, буккросингте «Экология» туралы ертегі тыңдадық және әлем мұражайларына виртуалды саяхат жасадық. Тимбилдингте экология туралы ребустар шештік. Барлық балалар белсенді қатысты.
Ахметжанова Ж.С.,
жазғы лагердін тәрбиешісі