«Ақмола облысы білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімі Щучинск қаласының № 8 мектеп-гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Школа-гимназия № 8 города Щучинск отдела образования по Бурабайскому району управления образования Акмолинской области»

Хабарландыру! Мемлекеттік білім беру ұйымы педагогының бос лауазымына орналасуға конкурс (Көркем еңбек мұғалімі - 1.0 жүктеме)

24.01.2024

 "Ақмола облысы Білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімінің Щучинск қаласының №8 мектеп-гимназиясы"КММ

Мекен-жайы: Щучинск қаласы, Еркін Әуелбеков көшесі 232 Телефоны: 8(71636)-2-14-15 (қабылдау бөлмесі)

Уақытша бос лауазымға орналасуға конкурс жариялайды:

Көркем еңбек мұғалімі - 1.0 жүктеме

Біліктілікке қойылатын талаптар:

Тиісті бейін бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқуорнынан кейінгі педагогикалық немесе техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі педагогикалық  білім немесе тиісті бейін бойынша өзге де кәсіптік білім немесе жұмысста жына талап қоймастан, педагогикалық қайта даярлығын растайтын құжат немесе біліктіліктің орташа деңгейіне жататын XI педагогикалық сыныбы бар 1995 жылға дейін орта мектепті бітіргені туралы құжат;

және (немесе) біліктілігінің жоғары және орта деңгейі болған кезде педагогикалық жұмыс өтілі: педагог-модератор үшін-кемінде 2 жыл; педагог-сарапшы үшін-кемінде 3 жыл; педагог-зерттеушіүшін-кемінде 4 жыл;

және (немесе) білік тілігінің жоғары деңгейі болған жағдайда педагог-шебер үшін педагогикалық жұмыс өтілі – 5 жыл.

Лауазымдық міндеттері:

Мемлекеттік жалпы ғаміндетті білім беру стандарты на сәйкес оқытылатын пәннің ерекшелігін ескере отырып, білім алушыларды оқытуды және тәрбиелеуді жүзеге асырады;

Білім алушы мен тәрбиеленуші тұлғасының жалпы мәдениетін қалыптастыруға және оны әлеуметтендіруге ықпал етеді, білім алушылардың жеке қабілеттерін анықтайды және дамытуға жәрдемдеседі;

Білім алушыға педагог құрметпен қарауға тәрбиелейді, педагогтың аты мен әкесінің аты  бойынша сыпайы қарым-қатынас немесе "учитель/мұғалім" тікелей қарым-қатынас арқылы қарым-қатынастың іскерлік стилі мен сөйлеу этикетін сақтауға үйретеді;

Білім алушылардың жеке қажеттіліктерін ескере отырып, оқытудың жаңа тәсілдерін, тиімді нысандарын, әдістері мен құралдарын қолданады;

Пәндер бойынша қысқа мерзімді және орта мерзімді (күнтізбелік-тақырыптық) жоспарлар, бөлім үшін жиынтық бағалау және тоқсан үшін жиынтық бағалау үшін тапсырмалар жасайды;

Бөлім бойынша жиынтық бағалауды және тоқсан бойынша жиынтық бағалауды өткізу қорытындысы бойынша талдау жүргізеді;

журналдарды (қағаз немесе электрондық)толтырады;

оқу үрдісінде заманауи ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолданады;

оқу процесінде қарапайым бағдарламалық қамтамасыз етуді және ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың қосымшаларын пайдаланады;

білім алушылар мен тәрбиеленушілердің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында көзделген деңгейден төмен емес тұлғалық, Жүйелік-қызметтік, пәндік нәтижелерге қолжеткізуін қамтамасыз етеді;

оқу бағдарламаларын, оның ішінде ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар білім алушыларға арналған бағдарламаларды әзірлеуге және орындауға қатысады, оқу жоспарына және оқу процесінің кестесіне сәйке солардың толық көлемде іске асырылуын қамтамасыз етеді;

білім алушылардың, тәрбиеленушілердің жеке қабілеттерін, қызығушылықтарын және бейімділіктерін зерделейді;

инклюзивті білім беру үшін жағдай жасайды;

ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушының жеке қажеттіліктерін ескере отырып, оқу бағдарламаларын бейімдейді;

арнайы білім беру ұйымдарында оқытылатын пәннің ерекшелігін ескере отырып, дамудағы ауытқуларды барынша еңсеруге бағытталған білім алушыларды, тәрбиеленушілерді оқыту және тәрбиелеу бойынша жұмысты жүзеге асырады;

интерактивті оқу материалдары мен цифрлық білім беру ресурстарын пайдалана отырып, қашықтықтан оқыту режимінде сабақтар ұйымдастырады;

әдістемелік бірлестіктердің, мұғалімдер қауымдастығының, әдістемелік, педагогикалық кеңестердің, желілік қоғамдастықтардың отырыстарына қатысады;

ата-аналарға арналған педагогикалық консилиумдарға қатысады;

ата-аналарға кеңес береді;

кәсіби құзыреттілікті арттырады;

еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау қағидаларын сақтайды;

білім беру процесі кезеңінде білім алушылардың өмірі мен денсаулығын қорғауды қамтамасыз етеді;

ата-аналар мен немесе олардың орнындағы адамдармен ынтымақтастықты жүзеге асырады;

тізбесін білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен құжаттарды  БЖД қарсы мәдениетті, Академиялық адалдық қағидаттарын бойына  сіңіреді.

Өткізілетін күні мен орны: "Ақмола облысы Білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімінің Щучинск қаласының №8 мектеп-гимназиясы" КММ. № 19 Кабинет, 2024 жылғы 02 ақпан  сағат 15.00-де

Педагогтің бос лауазымына конкурсқа қатысуға құжаттарды қабылдау Щучинск қаласы, Еркін Әуелбеков көшесі, 232, 19 кабинет мекен жайы бойынша Щучинск қаласының №8 мектеп-гимназиясының ресми сайтында

конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған соңғы күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде жүргізіледі.

1) осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысу туралы өтініш;; 2)жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);

 3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іспарағы (нақты тұрғылықты мекен жайы мен байланыс телефондары көрсетілген – Бар болса);

4) педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын білік тілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері; ;

 5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);

6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығы мен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;;

7) Психоневрологиялық ұйымнан анықтама;

 8) Наркологиялық ұйымнан анықтама;

 9) ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (бұдан әрі - ТБЖ) немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);

10) педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша толтырылған бағалау парағы.

Кандидат болған жағдайда біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпарат (біліктілігін арттыру, ғылыми/академиялық дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми немесе әдістемелік Жарияланымдар, біліктілік санаттары туралы құжаттардың көшірмелері, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар) ұсынады.

Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату Қағидаларының 107-тармағында көрсетілген құжаттардың бірі болмаған жағдайда, құжаттарды кандидатқа қайтару үшін негіз болып табылады.

Анықтама телефоны: 8(71636)-2-14-15 (қабылдау бөлмесі)

Электрондық мекен-жайы: schgim8@mail.ru

"Ақмола облысы Білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімінің Щучинск қаласының №8 мектеп-гимназиясы" КММ



Добавить комментарий



Включить данные в подпись
Жаңартылған күні: 24.01.2024 10:42
Құрылған күні: 24.01.2024 10:45

СоцСети

   

 

Ұйымдар тізімі
Текст