Қазіргі оқушылар қабылдайтын маңызды шешімдердің бірі – әрі қарайғы қызмет саласы мен мамандық таңдау. Қазіргі таңда кәсіптік бағдар беру – белгілі бір іс-әрекетке бейімділігін, қабілеттерін анықтауға және студенттерді саналы түрде мамандық таңдауға дайындауға бағытталған іс-шаралардың тұтас кешені. Кәсіптік бағдар берудің ең тиімді әдістерінің бірі кәсіптік бағдар беру ақпараты болып табылады.
2023 жылдың 30 наурызда Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің өкілдері 11 сынып оқушыларымен кәсіби бағдар жұмысың жасады. Жоғары сынып оқушылары оқу бағыттары, 2023 жылы қабылдау ерекшеліктері, ең бастысы университеттің кәсіптік бағдар беру жобалары туралы білді. Дәл осындай кездесулер университеттің түлектері болашақта не істеу керек екенін толық түсінуге мүмкіндік береді.
Даканова И.М.