"Ақмола облысы Білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімінің Щучинск қаласының №8 мектеп-гимназиясы"КММ
Мекен-жайы: Щучинск қаласы, Октябрьская көшесі 232 Телефоны: 8(71636)-2-14-15 (қабылдау бөлмесі)
Бос лауазымға орналасуға конкурс жариялайды:
Орыс тілінде оқытатын педагог-психолог – 1,0 жүктеме
Біліктілікке қойылатын талаптар:
Тиісті бейін бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық немесе техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі педагогикалық білім немесе тиісті бейін бойынша өзге де кәсіптік білім немесе жұмыс өтіліне талап қоймастан, педагогикалық қайта даярлығын растайтын құжат немесе біліктіліктің орташа деңгейіне жататын XI педагогикалық сыныбы бар 1995 жылға дейін орта мектепті бітіргені туралы құжат;
және (немесе) біліктілігінің жоғары және орта деңгейі болған кезде педагогикалық жұмыс өтілі: педагог-модератор үшін-кемінде 2 жыл; педагог-сарапшы үшін-кемінде 3 жыл; педагог-зерттеуші үшін-кемінде 4 жыл;
және (немесе) біліктілігінің жоғары деңгейі болған жағдайда педагог-шебер үшін педагогикалық жұмыс өтілі – 5 жыл.
Лауазымдық міндеттері:
білім алушылардың психологиялық және әлеуметтік салауаттылығын қамтамасыз етуге және қалыпқа келтіруге, олардың әртүрлі өмірлік жағдайларда әлеуметтік-психологиялық бейімделу қабілетін дамытуға, сондай-ақ кәсіби өзін-өзі анықтау мәселелерінде көмек көрсетуге бағытталған қызметті жүзеге асырады;
білім алушылардың, оқушылардың, мұғалімдердің және білім алушылардың немесе оларды алмастыратын адамдардың ата-аналарының психологиялық мәдениетін қалыптастырады;
инклюзивтілік қағидатын іске асыруға жәрдемдеседі және білім беру процесінің барлық қатысушыларының толерантты мінез-құлық мәдениетін қамтамасыз етеді;
қорлаудың, суицидтің алдын алу бойынша жұмыс жүргізеді;
оқушылар, тәрбиеленушілер,оқытушылар және басқа да қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, академиялық адалдық қағидаттарын қалыптастырады;
әртүрлі профильдер мен мақсаттағы психологиялық диагностика жүргізеді, оқыту, тұлғалық даму және мінез-құлық мәселелерін дер кезінде ашып көрсетеді, психологиялық қорытынды жасайды;
ерекше білім беру қажеттіліктерін бағалауға қатысады және оның негізінде оқушылардың жеке ерекшеліктері мен мүмкіндіктерін ескере отырып дамыту бағдарламаларын, сондай-ақ оны мұғалімнің көмекшісі жүзеге асыру үшін балалардағы проблемалық мінез-құлықты жеңу бағдарламаларын әзірлейді;
әртүрлі психологиялық проблемалары бар балаларға, оның ішінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға консультациялар, жеке, топтық және топтық дамыту сабақтары түрінде психологиялық көмек көрсетеді;
дарынды оқушыларға психологиялық қолдау көрсетеді;
ата-аналарға, мұғалімдерге, мамандарға нақты психологиялық мәселелерді шешуде консультативтік көмек көрсетеді;
педагогикалық ұжымға, сондай-ақ білім алушылардың ата-аналарына немесе оларды алмастыратын тұлғаларға білім алушылардың тұлғалық және әлеуметтік даму мәселелері бойынша ұсыныстар әзірлеу мақсатында ғылыми еңбектер негізінде психологиялық талдау жүргізеді;
белгіленген нысан бойынша құжаттаманы жүргізеді, педагогикалық, әдістемелік кеңестердің жұмысына, ата-аналар жиналысын өткізу жұмысына, білім беру ұйымының жұмыс жоспарында көзделген сауықтыру, тәрбиелік және басқа да іс-шараларға қатысады;
кәсіби құзыреттілігін арттырады, мектеп жасындағы балалармен психологиялық жұмыстың заманауи әдістері мен технологияларын қолданады;
кәсіби құзыреттілігін арттырады, мектеп жасындағы балалармен психологиялық жұмыстың заманауи әдістері мен технологияларын қолданады;
баланың құқықтарын қорғау туралы конвенцияға сәйкес жеке тұлғаның құқықтарын қорғауға ықпал етеді;
балалардың өмірін, денсаулығын және құқықтарын қорғауды қамтамасыз етеді, қауіпсіздік техникасы мен еңбекті қорғау, өрттен қорғау ережелерін сақтайды;
оқушылар, тәрбиеленушілер,оқытушылар және басқа да қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, академиялық адалдық қағидаттарын қалыптастырады.
73. Білуге тиіс:
Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Педагог мәртебесі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» заңдарын және білім беру мәселелері бойынша басқа да нормативтік құқықтық актілерін;
тұлға психологиясы, дифференциалды бала және жас әлеуметтік, медициналық психология, балалар нейропсихологиясы, патопсихология, психосоматика;
педагогикалық этика нормаларын;
дефектология, психотерапия, сексология, психогигиена, кәсіптік бағдар беру, кәсіптік оқу және еңбек психологиясы, психодиагностика, психологиялық кеңес беру және психопрофилактика негіздерін;
белсенді оқыту әдістері, әлеуметтік-психологиялық қарым-қатынасты;
жеке және топтық кеңес берудің заманауи әдістері, бала дамуын диагностикалау және түзетуді;
еңбек заңнамасының негіздері, қауіпсіздік техникасы және еңбекті қорғау ережелері, өрттен қорғау, санитарлық ережелер мен нормаларын.
Өткізілетін күні мен орны: "Ақмола облысы Білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімінің Щучинск қаласының №8 мектеп-гимназиясы"КММ. № 19 Кабинет ,2023 жылғы 22 тамыз сағат 15.00-де
педагог-психолог бос лауазымына конкурсқа қатысуға құжаттарды қабылдау Щучинск қаласы, Октябрьская көшесі, 232, 19 кабинет мекен жайы бойынша Щучинск қаласының №8 мектеп-гимназиясының ресми сайтында
конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған соңғы күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде жүргізіледі.
1) осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысу туралы өтініш;; 2)жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);
3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекен жайы мен байланыс телефондары көрсетілген – Бар болса);
4) педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамалары мен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері; ;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;;
7) Психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
8) Наркологиялық ұйымнан анықтама;
9) ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (бұдан әрі - ТБЖ) немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);
10) педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша толтырылған бағалау парағы.
Кандидат болған жағдайда біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпарат (біліктілігін арттыру, ғылыми/академиялық дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми немесе әдістемелік Жарияланымдар, біліктілік санаттары туралы құжаттардың көшірмелері, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар) ұсынады.
Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату Қағидаларының 107-тармағында көрсетілген құжаттардың бірі болмаған жағдайда, құжаттарды кандидатқа қайтару үшін негіз болып табылады.
Анықтама телефоны: 8(71636)-2-14-15 (қабылдау бөлмесі)
Электрондық мекен-жайы: schgim8@mail.ru
"Ақмола облысы Білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімінің Щучинск қаласының №8 мектеп-гимназиясы"КММ