«Ақмола облысы білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімі Щучинск қаласының №8 мектеп-гимназиясы»КММ
Мекн-жайы: Щучинск қаласы, Еркін Әуелбеков көшесі 232
Телефон: 8(71636)-2-14-15 (қабылдау бөлмесі)
Уақытша бос лауазымға орналасуға байқау жариялайды:
орыс тілінде оқытатын сыныптардағы бастауыш сынып мұғалімдері-1.0 жүктеме
Біліктілікке қойылатын талаптар:
-тиісті бейін бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық немесе техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі педагогикалық білім немесе тиісті бейін бойынша өзге де кәсіптік білім немесе жұмыс өтіліне талаптар қойылмай педагогикалық қайта даярлауды растайтын құжат немесе біліктіліктің орта деңгейіне жататын 1995 жылға дейін XI педагогикалық сыныбы бар орта мектепті бітіргені туралы құжат;
және (немесе) біліктіліктің жоғары және орта деңгейі болған кезде педагогикалық жұмыс өтілі: педагог-модератор үшін кемінде 2 жыл; педагог-сарапшы үшін – кемінде 3 жыл; педагог-зерттеуші үшін кемінде 4 жыл;
және (немесе) біліктіліктің жоғары деңгейі болған жағдайда педагог-шебер үшін педагогикалық жұмыс өтілі-5 жыл.
Лауазымдық міндеттері:
- мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес оқытылатын пәннің ерекшелігін ескере отырып, білім алушыларды оқыту мен тәрбиелеуді жүзеге асырады;
- білім алушы мен тәрбиеленушінің жеке басының жалпы мәдениетін қалыптастыруға және оны әлеуметтендіруге ықпал етеді, білім алушылардың жеке қабілеттерін анықтайды және дамытуға ықпал етеді;
- білім алушыда педагогке құрметпен қарауға тәрбиелейді, педагогтің аты мен әкесінің аты бойынша сыпайы түрде жүгіну немесе "мұғалім"тікелей жүгіну арқылы іскерлік қарым-қатынас стилін және сөйлеу этикетін сақтауға үйретеді;
- білім алушылардың жеке қажеттіліктерін ескере отырып, оқытудың жаңа тәсілдерін, тиімді нысандарын, әдістері мен құралдарын пайдаланады;
-пәндер бойынша қысқа мерзімді және орта мерзімді (күнтізбелік-тақырыптық) жоспарлар, бөлімге жиынтық бағалау және тоқсанға жиынтық бағалау үшін тапсырмалар жасайды;
- бөлім үшін жиынтық бағалауды және түсініктемелермен тоқсан үшін жиынтық бағалауды жүргізу қорытындылары бойынша талдау жүргізеді;
- журналдарды толтырады (қағаз немесе электронды);
-білім алушылар мен тәрбиеленушілердің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында көзделген деңгейден төмен емес тұлғалық, жүйелі-белсенділік, пәндік нәтижелерге қол жеткізуін қамтамасыз етеді;
- оқу бағдарламаларын, оның ішінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушыларға арналған бағдарламаларды әзірлеуге және орындауға қатысады, оларды оқу жоспары мен оқу процесінің кестесіне сәйкес толық көлемде іске асыруды қамтамасыз етеді;
- білім алушылардың, тәрбиеленушілердің жеке қабілеттерін, қызығушылықтары мен бейімділігін зерделейді;
- инклюзивті білім беру үшін жағдай жасайды;
- ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушының жеке қажеттілігін ескере отырып, оқу бағдарламаларын бейімдейді;
- арнайы білім беру ұйымдарында оқытылатын пәннің ерекшелігін ескере отырып, дамудағы ауытқуларды барынша еңсеруге бағытталған білім алушыларды, тәрбиеленушілерді оқыту және тәрбиелеу жөніндегі жұмысты жүзеге асырады;
- интерактивті оқу материалдары мен цифрлық білім беру ресурстарын пайдалана отырып, сабақтарды қашықтықтан ұйымдастырады;
- әдістемелік бірлестіктердің, мұғалімдер қауымдастығының, әдістемелік, педагогикалық кеңестердің, желілік қауымдастықтардың отырыстарына қатысады;
- ата-аналарға арналған педагогикалық консилиумдарға қатысады; - ата-аналарға кеңес береді;
- кәсіби құзыреттілікті арттырады;
- еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау ережелерін сақтайды;
- білім беру процесі кезеңінде білім алушылардың өмірі мен денсаулығын қорғауды қамтамасыз етеді;
- ата-аналармен немесе оларды алмастыратын адамдармен ынтымақтастықты жүзеге асырады;
- тізбесін білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен құжаттарды толтырады;
- білім алушылар мен тәрбиеленушілер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, академиялық адалдық қағидаттарын қалыптастырады.
Өтетін күні мен орны: "Ақмола облысы білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімінің Щучинск қаласының №8 мектеп-гимназиясы"КММ. №19 Кабинет, 2024 жылғы 19 тамыз сағат 15.00.
Педагогтың уақытша бос лауазым конкурсына қатысуға құжаттарды қабылдау Щучинск қаласы, Еркін Әуелбеков көшесі, 232, 19-кабинет мекенжайы бойынша Щучинск қаласының №8 мектеп-гимназиясының ресми сайтында конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған соңғы күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде жүргізіледі.
Конкурсқа қатысу үшін кандидат хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдау мерзімінде мынадай құжаттарды электрондық немесе қағаз түрінде жібереді:
1) осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2)жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);
3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке парақ (нақты тұрғылықты мекен-жайы және байланыс телефондары көрсетілген-бар болса);
4) педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5)еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
6) "Денсаулық сақтау саласындағы есептік құжаттама нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген); 7) Психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
8) Наркологиялық ұйымнан анықтама;
9) ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (бұдан әрі - ҰБТ)немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);
10) 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы.
Кандидат болған жағдайда оның біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми/академиялық дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми немесе әдістемелік жарияланымдар, біліктілік санаттары туралы құжаттардың көшірмелері, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар) ұсынады.
Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларының 107-тармағында көрсетілген құжаттардың бірі болмаған жағдайда, құжаттарды кандидатқа қайтару үшін негіз болып табылады.
Анықтама телефоны: 8(71636)-2-14-15 (қабылдау бөлмесі) Электрондық мекен-жайы: schgim8@mail.ru "Ақмола облысы білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімінің Щучинск қаласының № 8 мектеп-гимназиясы" КММ