Текст
Бүгін мектеп жанындағы Айгөлек онлайн-лагерінің бірінші аптасы аяқталды. Бұл күн экологияға, табиғатқа арналды. Өрмекшінің неше аяғы бар? Аю неге аяғын сорады? Шегіртке не туралы ән салады? Осы және көптеген сұрақтарға балалар "Экологиялық викторинадан" жауап алды. Сонымен қатар балалар "Табиғатта өз-өзі ұстау ережелерін" еске түсіріп, жадынама жасады.Тағы біз Бурабай табиғаты виртуальді музейіне бардық. Және, әрине шығармашылық шеберханасыз болған жоқ. Балалар туған өлкеміздің әсемдігін бейнелейтін суреттер салды. Сондай-ақ балалар психолог пен музыкалық жетекші жұмыстарына белсенділік танытты. Күн керемет және қызықты өтті.
Янчук Л.А.,
жазғы лагердін тәрбиешісі